«20:00 шамасында Павлодар тұрғыны қолайсыз ауа райына қарамастан «Nissan Cedric» маркалы автокөлігімен Екібастұзға жолға шыққан. Күре жолда көлікті басқара алмай, жырадағы омбы қарға түсіп кеткен», - дейді Павлодар облысы ішкі істер департаментіндегілер.
Ер адам жалғыз өзі көлігін жолға шығара алмаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көмек келгенше бір сағаттай аязда қалып қойған. Оқиға Павлодар - Қызылорда автожолының 44-ші километрінде болған.
«Аға сержанттар Бауыржан Төкенов пен Азбек Қамзин төбесіне дейін қарға батқан машинаны көріп, көмекке келген. Олар қарды күрекпен күреп, машинаны шығарды», - дейді полициядағылар.
53 жастағы жүргізуші полицияға алғысын айтып, үйіне қарай жол тартты.