Павлодар облысында кәсіпкер ауылындағы мектепте ІТ-сынып ашпақ
«Біз облысымызда партиялық жобалардың барлығын өңіріміздің экономикалық келешегін есепке ала отырып әзірледік. Осы себепті, республикада бірінші болып партиялық жобаларды іске асыруды қолға ала бастадық. Солардың екеуіне тоқтала кетсем деймін. Бүгінгі таңда біздің Павлодар қаласындағы алғашқы ІТ-орталықта 20 адам білім алып жатыр. Осы орталықтың алғашқы түлектері қаладағы кәсіпорындарда еңбек ететін болады», - дейді ол.
Илья Теренченконың айтуынша, қазірге дейін Павлодар облысы бойынша 20 ІТ-сынып ашылған.
«Бүгінгі таңда ең заманауи америкалық әдіс-амал арқылы қаладан 180 шақырым қашықтықта жатқан Железенко ауылында балалар білім алып жатыр. Сол секілді сыныптар алыстағы аудандарда, Баянауылда, Майда ашылуда. Осы 20 ІТ-сыныптардың барлығын да өз аудандарындағы бай-қуатты кәсіпкерлер қолдап келеді. Кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөлісуге де дайын. Мәселен, «Победа» шаруа қожалығының басшысы Александр Поляков Шарбақтыдағы аудан орталығында ашқаннан кейін дәл осындай ІТ-сыныпты өзінің ауылы - Орловкада ашуға бел шешіп отыр», - деді Илья Теренченко.
Еске сала кетсек, Астанада бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шара барысында «Нұр Отан» партиясын жүйелі түрде жаңғырту бойынша жұмыс барысы талқыланып, Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бағытында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралуда.