Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 3,4%, жұмыс істейтіндердін саны 4% көбейді.
«Мөлшерлігі бойынша тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 98%-ы шағын, 1,5%-ы орта және 0,5%-ы ірі кәсіпорындарды құрайды. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінен жеке меншік заңды тұлғалар 87,9%-ды, мемлекеттік - 8,4%-ды, шетелдік - 3,7%-ды құрайды. Ұйымдық – құқықтық нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны: мемлекеттік кәсіпорындар – 359 (2,2%), шаруашылық серіктестіктер – 13191 (82,2%), акционерлік қоғамдар – 41 (0,3%) және басқа да ұйымдастырушылық құқықтық нысандары – 2452 (15,3%)», - деп хабарлайды департамент баспасөз қызметі.
Тіркелген заңды тұлғалардың едәуір саны көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге келеді, олардың үлесі 33,3% құрады. Екінші орында – құрылыс (13,1%), үшінші орында – өңдеу өнеркәсібі (7,6%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 54%-ын құрайды.