Павлодар облысында қатарынан екі жүргізушінің өліміне әкеп соққан көлік соқтығысы болды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 шілде. ҚазАқпарат - «Омбы-Қапшағай» күре жолында «Тайота-Камри» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жолдың шетінде тұрған жанармай тасығыш тіремесі бар «Джифань» маркалы көлікпен соқтығысты.

Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші бұл уақытта көліктің астында көлігін жөндеп жатқан.

16 шілдеде болған соқтығысудың салдарынан екі жүргізуші де көз жұмды. «Тайота-Камри» көліктің жолаушылары  - 1960, 1982 және 1991 жылғы азаматтар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қосымша тексеру амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық және автотехникалық сапартамалар белгіленді.