- 19 шілде күні сағат 00.30-да Екібастұздың 32 жастағы тұрғыны «Ауди-80» автокөлігімен жыраға аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. 33 жастағы жолаушы жарақатымен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды, - деді облыстық полиция департаментінде.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1987 жылы туған әйелге «қаңқа-бас сүйек жарақаты, бастың бір бөлігінің скальпирленген жарақаты, сол қолдың сыртқы бетінің көгерген жарасы» диагнозы қойылған. Ол Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды.