«Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жыл басынан бері 3073 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар қаласында Циолковский көшесіндегі үйге қарама-қарсы патрульдік полиция батальонының инспекторлары «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігін тоқтатты, оның алдыңғы бүйір әйнектерінде түрлі-түсті үлдір болған», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14 585 теңге айыппұл салынды.
«Механикалық көлік құралы салонының алдыңғы бүйір әйнектерін бүркеуге не түрлі-түсті мөлдір үлдір жапсыруға тыйым салынады.Бұлай істеген жүргізушілере айыппұл салынады», - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.