Павлодар облысында «Көмек қолын соз» шарасы өтті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қазақстанның салауатты қалалары -2009» эстафета-фестивалінің барысында Павлодар облысының аудандарында «Көмек қолын соз» шарасы өтті,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Салауатты өмір  салты»    облыстық орталығының   дәрігерлер бригадасы,  «Жастар  салауатты өмір салтын    қолдайды»  қоғамдық бірлестігінің  өкілдерімен  бірге,  жұма күні  Қашыр ауданында  болды. Медиктер   жастар   үшін психотроптық   заттарды   пайдаланудың алдын  алу  жөніндегі    семинарлар өткізді, ал  қоғам өкілдері ауыл   балалары  үшін спорттық жарыстар мен футбол   ойындарын ұйымдастырды.

 Дәрігерлер сол  күні    Қызыл Жарты Ай  қоғамының  облыстық филиалымен бірлесіп,  Лебяжі ауданында     төтенше жағдай кезінде  алғашқы  көмек көрсету    жөніндегі  тренинг өткізді.  Туберкулез  және онкологиялық науқастары  бар тұрмысы  төмен және көпбалалы  отбасының   балаларына     киім-кешектер  және  мектеп  заттарын  тарту етті.

 «Көмек  қолын соз» шарасына  қатысушы ауыл тұрғындарына    салауатты  өмір салтын қалыптастыруға  арналған  түрлі-түсті ақпараттық-насихаттау  материалдары  табыс етілді.