Павлодар облысында коронавируспен күреске қосымша 540 медицина қызметкері тартылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Пандемияға байланысты өңірдегі эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, қосымша медицина қызмеркелері мен еріктілер тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық кеңестің отырысында өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов мәлім етті.
- Қазіргі таңда 1400-ден астам медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оның 300-і дәрігерлер персоналынан, 590-нан астамы - орта, 460-сы - кіші медицина қызметкері. Жағдай ауырлап, күніне 500 науқас түсетін болса, қосымша 4900 орын дайындалады. Бұр ретте кардиологиялық орталық, онкологиялық орталықтағы орындарды сол қалпында қалдырғымыз келеді. Қосымша № 1 қалалық аурухана қалады. Ол жерде ауру қарқынына қарамастан, қала мен облыс тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетіледі, - дейді Айдар Сейтқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, кіші медицина қызметкерлер резервінде еріктілер де бар. Сондай-ақ биыл 129 жаңа жас маман - орта медицина қызметкері мен 130-дан астам бакалавриат-дәрігер келген. Оның 107-сі облыс әкімінің гранты бойынша оқуға резидентураға кеткен. Олардың ішінде анестезиолог, жұқпалы аурулар дәрігері сияқты өңірге қажет мамандар бар. Бұл ақ желеңділер оқуды аяқтағаннан кейін екі жылдан соң қайтып оралады.