«Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды. 1942 жылы туған әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 14
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 11
Түркістан облысы – 3.
Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустан Шымкент қаласынан 76 жастағы ер адам, Батыс Қазақстан облысынан 82 жастағы ер адам қайтыс болған еді.