Павлодар облысында қос басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде жаңа басшыларды аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР Мемлекеттікқызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Павлодар облысы бойыншамемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы лауазымына Тоқтамыс Жұмағұловтағайындалды.

Тоқтамыс Қадошұлы 1965 жылы туған, Шығыс Қазақстаноблысының тумасы, 3 жоғары білімі бар, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1990 жылы Шығыс Қазақстанмемлекеттік университетінде политэкономия кафедрасының оқытушысы ретіндебастап, 2000 жылға дейін аға оқытушы және кафедра меңгерушісі лауазымдарынатқарған. 2000 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысыбойынша басқармасының басшысы, басшының орынбасары болып қызмет етті. 2007жылдан 2011 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойыншабасқармасының басшысы – Агенттіктің тәртіптік кеңесінің төрағасы, 2011 жылдан2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысыбойынша басқармасының басшысы, 2013 жылдың наурызынан шілдесіне дейін ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет өткерубөлімінің меңгерушісі болған. 2016 жылдан бастап осы лауазымға келгенгедейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойыншадепартаменті басшысы қызметін атқарған.

«Баршаңызға мәлім, облыс мемлекеттік сәулет-құрылысбақылау және облыс жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармаларықұқықтары мен міндеттерін жаңа басқармаға беру арқылы қайта ұйымдастырылды.Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы етіпменің өкіміммен Азамат Нығматов тағайындалды», - деді облыс әкімі.

АзаматНығматұлы 1979 жылғы, Павлодар облысы Ақсу қаласының тумасы. 2002 жылыС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жәнеазаматтық құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2003 жылы Павлодарқаласы абаттандыру басқармасының бас маманы болып бастаған. 2005 жылдан 2011жылға дейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыларкөлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, басшыорынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2014 жылға дейін облыс табиғиресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары. 2015– 2016 жылдары - «Строй Астана» ЖШС бас директоры. 2016 – 2017 жылдары -Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары. 2017 – 2019 жылдары - облысмемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, басшысықызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар