Павлодар облысында құтқарылған бірқазан еркіндікке жіберілді
«Бірқазанның қанаты сынбаған. Тек қана соққыдан шошынып қалған. Сондықтан еркіндікке жібергенді жөн санадық. Табиғат пайдаланушылары 49 жылға жалға ашған Шучье өзеніне апарып тастадық. Ол жердегі аймақ қоршалған әрі үнемі күзетіледі. Сондықтан қауіп төне қоймас. Ол жерде құс қазан айына дейін мекендеп, бәлкім кейін жылы жаққа ұшып кетер», - дейді Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов.
Еске сала кетейік, өткен жылы «KAZ Minerals Bozshakol» қызметкерлері өздерінің кәсіпорындарының жанынан сұр бірқазанды тауып алып, орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне тапсырған. Қанатты Ақсу қаласының жас натуралистер стансасында қыстағаннан кейін көктемде еркіндікке жіберілген. Сонымен қатар, Железин ауданының тұрғыны екі бірқазанды аяздан өз гаражында құтқарып қалды. Ал натуралистер стансасында мекендеген екі құс жалғыз өзі кабинеттің жартысын алғандықтан, оларды Семейдегі биоорталыққа жіберуге тура келген.