«Таңертеңгі ондар шамасында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіне Ақсу қаласы аумағында, Қалқаман ауылының маңында Новосібір-Шымкент рейсінің екі автобусының бірі бұзылғаны туралы хабар келді», - дейді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Екі автобустың салонында 81 жолаушы: Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары болған. Жолаушылар екінші автобусқа мініп, екеуі де жергілікті полиция қызметі машинасының бақылауымен сағат он бірге қарай Павлодарға жетіп алған.
«Павлодардағы №1 автобус паркінде жолаушыларға көмек көрсетілді. Бұзылған автобустың ақауы реттеліп, екі автобус та 16:00-де Шымкентке қарай жол тартты», - дейді ТЖД қызметкерлері.