Екібастұзда жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің рейдтік шараларын жүргізуі барысында Пішембаев-Абай көшелерінің қиылысында мас күйінде көлік басқарған 27 жастағы қала тұрғыны ұсталды, ол бұдан бұрын жүргізушілік куәлігінен айырылған болып шықты.
Қазіргі уақытта оған қатысты сот алды тергеу жүргізілуде. Бап санкциясы бес жүз АЕК айыппұлды не үш сағатқа дейін түзеу жұмыстарына немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды не тоқсан тәулік мерзімге тұтқындауды көздейді.
Жыл басынан бастап Павлодар облысының жолдарында Жол қозғалысы қағидаларын бұзған 59 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде мас күйінде көлік басқарған екі мыңнан астам жүргізуші көлік басқару куәлігінен айырылған.