«15 мамыр күні Омбы-Майқпшағай күре жолының 10-ыншы шақырымында «ВАЗ 2108» көлігінің жүргізушісі 51 жастағы жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмған», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайраат Қайыров.
Оның айтуынша, 16 мамырда полиция қызметкерлері көлік апатын жасаған жүргізушіні ұстады.
«Ол Павлодар ауданындағы ауылдың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық тексеру жүргізушінің орташа дәрежеде мас күйінде болғанын анықтады», - деп толықтырды Ж.Қайыров.