«Лауазымды тұлғалардың тегін медициналық көмек кепілді көлемін көрсетуге шарттарға кедергісіз қол қойып және жалпы қамқорлық жасағаны үшін медициналық мекеме басшыларынан жүйелі түрде пара алғаны анықталды», делінген департамент таратқан хабарламада.
Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз қаласы №2 емханасының бас дәрігері Қабылтаевтан, №3 емхана бас дәрігері Сәкеновадан және басқалардан 200 000 теңгеден астам пара алу кезінде Д. Қазанғапов пен Н. Аханаеваны ұстады.
Қазір Д. Қазанғапов, Н.Аханаева, С. Қабылтаев, Қ. Сәкенова Павлодар қаласы УҰИ қамалды.
Тергеу жүріп жатыр.