ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ол Павлодар облысында «Адалдық алаңы» жобасы жүргізіліп жатқандығын айтты.
«Жобалық кеңсе мекеп директорлары кабинетінің алаңы мен орналасуының нормаларға сай екендігіне мониторинг жүргізді. Бізде 347 білім беру мекемесі болса, соның ішінде 31 директордың кабинетінде демалуға арналған арнайы бөлме болған», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мониторинг барысында 88 мектеп директорының кабинеттері ғимараттың екінші және үшінші қабатында орналасқаны анықталған.
«Жобалық кеңсе аталған мектептерге келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кабинеттерді бірінші қабатқа көшіру туралы кеңес берді. Бүгінгі күні 40-тан астам мектептің директоры төменгі қабатқа көшті», - деді Мейрам Бегентаев.
Оның дерегінше, мектеп директорларының босаған кабинеттерінде робототехника, көркем еңбек, балалар психологиясы сынды кабинеттер ашылған.