Павлодар облысында микроавтобус көктайғақтың салдарынан жолдан ұшып кетті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында микроавтбус жолдан тайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 наурыз күні 9 сағат 40 минутта Павлодар-Успенка-Ресей шекарасы автожолының бойында «Мерседес Спринтер» көлігі трассадан шығып кетті. Автобуста 8 жолаушы болған»,-деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Олар таратқан мәліметтерге қарағанда, азаматтық қорғаныс саласы мен жергілікті атқарушы органдар және жол қызметі өкілдерінің көмегімен автобус жолға шығарылып, ол қайтадан көздеген бағытына қарай бет алды.

Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ.