Бұл туралы ҚР АШМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Өрт сол күні сағат 23:30-да орман күзеті мен өртке қарсы мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің күшімен сөндірілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінен нақтылағандай, өрт найзағайдың түсуінен болды.
Өртті сөндіру барысында «Ертіс орманы» МОТР Шалдай және Бесқарағай филиалының, Лебяжі ауданының өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері мен жергілікті халық қатысты. Барлығы өрт сөндіруге 30 адам, 6 өрт сөндіру машиналары, 4 трактор, 4 патрульді автокөлік және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды.
Орман өрті фактісі туралы Павлодар облысының ТЖД-на хабарланды.