Павлодар облысында ондаған көлік қар құрсауында қалды
Ақтоғай ауданында бүгін таңертең сапарға шыққан адамдар қар үйілген жолдарда тұрып қалды.
«Кеше адам жаназасына қатысқан 20 адам жолға шыға алмай қалды. Біздің жолды тазалауымызды күтті. Бұрқасын қазір де соғып тұр. Барлық техника жұмылдырылды. Екі трактор Ертіс ауданымен шекара жаққа кетті. Біреуі осындағы қарды тазалауда. Павлодардан жүк тиегіш көлік келуі тиіс. Боран тоқтамаса да, өзіміздің 84 шақырым жолымызды тазалап жатырмыз», - деді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Азат Сатабаев.
«Біз Ақтоғай ауданында таңғы сегізде шыққан едік. Әлі жете алмай келеміз. Бір сағаттан бері трассада тұрмыз. Қаңтарылған көлік санына қарап, маңызды шара өтіп жатқандай ойға қалдым», - деді куәгер Әділ Мараұлы.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қолайсыз ауа райы жағдайынан аудан әкімдеріне жол қызметімен тығыз жұмыс істеуді және төтенше жағдайларда іс-шара жасауды тапсырды. Оның үстіне автожолдардағы кептелістің алдын алу мүмкін емес, арнайы техника трассаларды тазаламаған.