Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті, электрмен жабдықтау, газды жеткізу, ауа және бу баптау саласында 7,3 пайызға артты.
Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында өндіріс көлемі 2 пайызға азайды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі қаңтар-мамыр айларында 18,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға кем.
Негізгі капиталға келіп түскен инвестицияның көлемі 56,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,8 пайызға артық.
Жүк тауар айналымының көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында 10,1 млрд. тонна- шақырымды, өсім 21,2 пайызды құрады.
Бөлшектеп сатудың айналымы 2012 жылдың 5 айында 62,4 млрд. теңгені құрап, 13,3 пайызға өсті.