Павлодар облысында оралмандар тарихи Отанына келулеріне 20 жыл толуын атап өтті
«Нұргелді» шаруа қожалығының жаңа тойханасында және басқа да шаруашылықтар тіккен киіз үйлерде мереке қатысушыларына арналып дастарқан жайылды. Екібастұз Достық үйінің «Атамұра» шығармашыл ұжымы концерт қойды, тойға жиналғандар салтанатты қыздырып, ата-баба жеріндегі алғашқы мерейтойларын зор қуанышпен атап өтті.
Жиналғандарды Екібастұз әкімі Александр Вербняк тарихи оқиғамен құттықтап, кәсіпкер Хайса Мұхитжанға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырды. Ауыл шаруашылығы, теміржол, білім саласында ерен еңбек етіп жүргендер грамоталармен және алғысхаттармен марапатталды.
Оралмандардың мерекесіне Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілі Өнерхан Қасымұлы және Павлодар облысындағы «Асар» қоғамының төрағасы Амантай Алханұлы қатысты.
Мереке қазақтың ұлттық ат спорты ойындарымен және қазақша күрес жарыстарымен аяқталды.