12 шілде күні сағат 14:48-де Шарбақты ауданында, «Ертіс-Орманы» РММ Шалдай филиалында Чушкалы орманшылығының 28-орамында орман қоқысы мен ағаштар жанды. Өрт алаңы – 1,8 га. Өрт сағат 17:52-де оқшауланды. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖД жеке құрамының 50 адамы мен 16-дан астам техникасы жұмылдырылды.
Сондай-а, сағат 16:10-де Ақкөл ауданында «Ертіс-Орманы» РММ Бесқарағай филиалы Көкжал орманшылығының 15-орамында өрт шықты. Өрт алаңы – 5 га. Сағат 17:09-да өрт оқшауланды. Жергілікті жерде орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеді.
Ал, сағат 17:40-та «Ертіс-Орманы» РММ-нің Шалдай филиалының Шарбақты ауданында 106-орамында орманды алқапта өрт шықты. Өрттің ауданы – 20 га.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД мен Орман шаруашылығының жеке құрамынан 50-ге жуық адам мен 15 техникасы жұмылдырылды.
Қатты ыстыққа байланысты аймақта өрт қаупі жоғары. ТЖД күштері мен құралдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.