Павлодар облысында өрт салдарынан ер адам күйікпен ауруханаға жеткізілді

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында кеше сағат 22.45-те тұрғын үйде өрт шықты.

Жалын 23.53-те ауыздықталды. Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт 54 м2 ауданға тарады. Өрт салдарынан 50 жастағы ер адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді.