Облыс аумағында 14 шілдеде таңғы сағат 8-ден бастап Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері өрт сөндіруге 30-дан астам жерге барған. Оған 31 техника мен жеке құрамның 95 адамы жұмылдырылды.
«Қазір Ақтоғай, Баянауыл, Аққулы, Шарбақты ауданы және Екібастұз ауылдық аймағында өрт қаупі бар. Өрт сөндірушілер 15 өртті сөндіріп жатыр», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарды, әсіресе орман және ауылшаруашылық аймақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда дереу жедел жәрдем нөміріне немесе жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлаңыз.
Еске салайық, 14 шілде күні сағат 12:45-те Баянауыл ұлттық саябағында өрт шыққан болатын.