Павлодар облысында өрттердің саны қысқарды

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында өрттердің саны өткен жылмен салыстырғанда үш есе қысқарды.

Негізгі себеп - қолайлы, салқын, жауынды ауа райы деп санайды өрт сөндірушілер.

«600-ге жуық өрт ошақтары тіркелді, алты адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Орман алқаптарындағы жағдай да жақсарған, дегенмен  100 гектар қарағайлы орманы өртке оранды», - деді облыстық өрт сөндіру мекемесінің бас инженері Мейрам Өзқанов.