Павлодар облыстық тілдерді дамыту, мәдениет және архив ісі басқармасының мәліметінше, шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру.
Аталған шараға өзге ұлт жастары қатысып, өз ана-тілі мәртебесі жайлы, сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерудің артықшылығы туралы пікірлерін білдірді.
Қалқаман ауылының тұрғыны ұлты басқа болғанымен ана тілімен қатар қазақ тілінде ұлы Абайдың, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да ақындардың өлең шумақтарын оқитынын айтады.
- Менің ұлтым орыс. Осы ауылда 30 жылдан астам тұрамын. Баршаңызды Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақша әндер тыңдаймын. Мәдениет үйіндегі қызметкерлерге және достарыма алғысымды білдіремін. Сол адамдардың арқасында қазақ тілінде ән айтуды үйреніп, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстым. Мерекелерде сахнада мемлекеттік тілде қойылымдарға қатысып, ән айтамын. Қазақ тілі өте бай тіл екеніне көзім жетті, - дейді Петкеевич Татьяна.
Дөңгелек үстел барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді.