Павлодар облысында полицей суға кеткен 4 студентті құтқарды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Орталық жағажайда суға батып кете жаздаған аудандық аграрлық-техникалық колледждің студенттеріне полиция аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев дер кезінде көмек көрсете білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Аққулы ауданы ішкі саясатбөлімінің маманы Аманжол Еренұлы мәлім етті.

«Ғалымбек Жұмабаев отбасымен біргежағажайға демалуға барған, - дейді Аманжол Еренұлы. – Сол кезде І, ІІ курсстуденттерінің жағада серуендеп жүргенін көзі шалып қалған. Тәртіп сақшысы ендібір қараған сәтте олардың суға батып бара жатқанын көріп қалып, дереу әрекеткекіріскен».

Полиция қызметкері алдымен алысқакетіп қалған қыз баланы жағаға шығарып алып, соңынан дереу үш ұлға көмеккөрсетуге асыққан. Жастарға медициналық қызмет көрсеткен. Студенттер естерінжиғаннан кейін мұндай серуеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлерінежіберген.

Ғалымбек Жұмабаев ішкі істер органында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.


Соңғы жаңалықтар