Соңғы күндері бес көлік айдап кету оқиғасы тіркелді, олардың төртеуінің ізі суымай ашылды.
Павлодар мекемелерінің біріне тиесілі «Шкода Октавиа» көлігін үйдің ауласынан белгісіз біреулер ұрлап кеткені жайлы ақпарат 9 сәуірде, сағат таңғы 9-да келіп түсті.
Ұрыны құрықтау үшін шұғыл «Тосқауыл» жоспары құрылды. Көп ұзамай жол-патрульді полиция арнайы батальонының қызметкері Мақсат Құстанов айдап әкетілген көлікті байқап қалып, ізіне түсті. Көлік ішіндегі 27 жастағы екі павлодарлықтың екеуі де бұған дейін қарақшылық әрекеті үшін сотталған болып шықты.