Павлодар облысында сауда орындарынан контрафактілік DVD-өнімдер алынды
09:28, 06 Наурыз 2013
ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында лицензияланбаған өнімдерді таратумен байланысты 24 қылмыс анықталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Контрафактілік бағдарламалар, музыкалар мен кинофильмдер бар барлығы 366 флэшкарта мен лазерлік дискілер тәркіленді.
Екібастұзда «Жібек жолы» базарының маңында екінші қайтара сатып алу кезінде контрафактілік DVD-дискілерді сауда орындарына таратушы ұсталды.
Ертіс аудан орталығында DVD-дискілерді сатумен ауыл тұрғыны айналысып келген.
Полицейлер сондай-ақ порнографиялық материалдарды сатудың екі фактісін және Ғаламтор желісіндегі заңсыз онлайн-кинотеатрды анықтады.