Павлодар облысында селолық округ әкімдерінің халыққа есеп беру жиналыстары басталды

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында селолық округ әкімдерінің халыққа есеп беру жиналыстары басталды.

Есеп берудің бірінші күні селолық округ әкімдері халықпен 82 кездесу өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ауыл тұрғындары тарапынан 96 ескерту мен ұсыныс жасалды, олар негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Бұлардың барлығын жергілікті атқарушы органдар өз бақылауына алды.

Қаңтардың 20-сына дейін кент, ауыл және селолық округ әкімдерінің 418 есеп беру кездесулері жоспарланып отыр. Ал қаңтардың 20-сы мен ақпанның 10-ы аралығында қала мен аудан әкімдерінің кездесулері өтеді.

Былтырғы есеп беру науқанында облыс тұрғындарынан 671 ұсыныс пен сын-ескерту түскен болатын. Кездесулер барысында 224 мәселе бойынша түсінік берілді, 420 ұсыныс жыл бойына орындалды. Қалғандары 2010-2011 жылдары шешімін табады.