Павлодар облысында шошқа фермасындағы өртте 900 аналық шошқа, 2 500 торай қырылды

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін түн ортасында Павлодар облысының Павлодар ауылында «Рубиком» ЖШС-ның шошқа фермасының аумағында бөлек тұрған бір қабатты кірпішті ғимаратта өрт болды.

Өрт үш сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау жалмаған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 900 аналық шошқа мен 2 500 торай қырылды, 200 аналық шошқа құтқарылды.