Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметі бойынша, алқаптарды өңдеу ғылыми қолдау тобының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші кезекте Павлодарское ауылының маңындағы алқап өңделді.
«Бактицид» биологиялық препаратын сумен 1:10 мөлшерінде араластырады, яғни бір тонна суға жүз килограмм препарат жұмсалады. Ал ерітінді жер қойнауын пайдалану басқармасы, ғылыми қолдау тобы және «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен дайындалады», - делінген басқарманың хабарламасында.
Бұдан кейін ерітінді ұшаққа құйылады. Ұшақ төмен ұша алатын кезде, яғни таңертең және кешке препаратты тиімді шашырата алатын мезгілде шығады.