Павлодар облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен төрт адам ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

None
СТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Маусымның 20-сы күні Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау департаментінен, маусымның 19-ы күні түнгі сағат 2.30-да Ақсу ауданы Қаракөл және Ребровка ауылдарынан сібір жарасына шалдықты деген күдікпен төрт адам ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабар келіп түсті», - деп анықтады баспасөз қызметінен.

Маусымның 20-сы күні науқастардың бірі ауруханада көз жұмды. ТЖМ-ның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.