Павлодар облысында суға батып кеткен екі баланың денесі іздестірілуде

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірде демалыс күндері арнайы шомылуға жабдықталмаған орындарда бес бала суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бірінші қайғылы жағдай Ақсу қаласында болды», - дейді облыстық ТЖДжедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов.

Оның айтуынша, бір отбасынан 2004 және 2008 жылғы екі бала суға кетті.

Балалардың әкесінің айтуынша, олар отбасымен Ертіс өзенінің жағасынадемалуға шыққан. Шомылуды мүлдем жоспарламаған. Екі ұлдың кішісі суға аяғынсалуға барған кезде тайып кеткен болу керек, судың ағысы баланы алып кеткен.Оны көрген ағасы соңынан жүгірген. Өкінішке орай, бауырын құтқара алмадыжәне өзі де суға кетті. Бірінші күні сүңгуірлер балалардың денелерін табаалмаған.

«Судың ағысы қатты, түбінде жұмыр тастар бар», - дейдіСерік Шериязданов.

Оның сөзінше, сүңгуірлердің өзі ілініп қалып, екіншісі көмекке келіпалып шыққан. Бүгінгі күні іздеу жалғасуда. Үш күн белсенді, 7 күн судыңбетінде пассивті іздеу жүргізіледі. Ол үшін мемлекет тарапынан қаражатбөлінеді. Дегенмен, ата-аналар сенім білдірмесе, әрі қарай жекеменшіксүңгуірлерді жалдай алады. Осы уақытқа дейін бір адам құтқарылып, 9 адамэвакуацияланған. Сондай-ақ, Кенжекөл ауылына достарына қонаққа келген 2005жылғы жасөспірім Ертіс өзенінің тармағында судан ажал құшқан.

Сүңгуірлер денесін жағадан 10-15 метр қашықтықта, 3 метртереңдіктен 20 минуттың ішінде алып шықты. Павлодар ауданы Мичурино ауылындақазаншұңқырға батып кеткен 2007 жылғы қыз баланың денесін сол күнісүңгуірлер 10 минуттан соң алты метр тереңдіктен анықтаған.

Павлодарское ауылында кеше түсте арнайы шомылуға жабдықталмаған орындасуға кеткен 2006 жылғы баланы сағат 10.55-те тауып алған.

Айта кетерлігі, шомылу маусымы басталғаннан бері 15 адам суға батыпкеткен. Оның жетеуі – бала.

Соңғы жаңалықтар