Өңір басшысы азық-түлік бағалары мен әлеуметтік сауда орындары үшін әкімдік белгілеген қағидалардың сақталуына баса назар аударды. Солардың ең бастысы бірқатар тауарларға қосылатын баға 10 пайыздан аспау керектігі жайлы келісім болатын.
Болат Бақауов Лермонтов көшесінде орналасқан Успенский» дүкенінде болды. Бұл жерде Успен ауданының кәсіпкерлері сүттің литрін 110 теңгеден және өсімдік майының литрін 320 теңгеден сатады.
Бүгін облыс басшылары көзбен көрген жағдай ертең аппарат жиналысында талқыланатын болады. Онда жиынға қатысушылар өңірдегі баға деңгейіне оң әсер ететін тетікті тауып, басшылыққа ұсынуы тиіс болады.