Бұл туралы Май ауданы Көктөбе орманшылығының қорықшысы Юрий Гричушин мәлім еткен.
«Адасып қалған кезекті қүс Шыған кентінің маңында жүрген, - дейді Юрий Гричушин. - Алғашқы болып құсты құтқарушылар көріп қалған да, дереу жергілікті қорықшыларға қоңырау шалған. Гоша есімді бірқазанды уақытша моншада ұстаймыз. Аулада еркін жүре алады. Құсты уақытша біздің қызметкерлер алып кетті. Азықтандыруға жергілікті балықшылар көмектеседі».
Оның айтуынша, салмағы төрт келідей тартатын құс бірден сегіз балықты жеп қояды. Ауданның ветеринарлық дәрігерлері құсты әлсіздіктен тобынан адасып қалғанын, жеке жүріп қорек таба алмағанын айтып отыр.
Бірер күннің ішінде құсты Қарағанды қорығының қызметкерлері тексеріп, алып кетуі керек. Бірқазанның тағдыры осыдан кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, Ертіс өңірінде соңғы кездері бірнеше бірқазан құтқарылған. Тіпті, қанаттыларға Пряник, Принц, Гоша және Настя есімдері берілген.