Павлодар облысында тұрақтандыру қорына 1,85 млрд теңге көзделген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар іс-шара қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіше, өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Онда 1,85 млрд. теңге көзделген. 1,5 млрд теңге сомасына 7,1 мың тонна өнім (қант — 2602,9 тонна, күріш — 140,4 тонна, 1 — сұрыпты ұн — 2 131,1 тонна, күнбағыс майы — 195,9 тонна, қарақұмық жармасы — 111,5 тонна, 1 — сұрыпты ұннан жасалған нан — 18,9 тонна, тұз — 2,3 тонна, макарон — 41,4 тонна, картоп — 1377,1 тонна, сәбіз — 149,8 тонна, пияз — 74,9 тонна, қырыққабат — 60 тонна, 2,5 пайыздық айран - 30 тонна, 2,5 пайыздық сүт - 185 тонна) сатып алынған

«Айналым схемасы» аясында қарыз беруге 1,85 млрд теңге қарастырылған. Оның 632 млн теңгесі шекті нормадан аспайтын бағамен тауарлардың 13 атауын сату үшін жеті кәсіпорынға берілді. Сондай-ақ, облыстың 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен қысқы-көктемгі кезеңде белгіленген бағамен (95 теңге/кг) сату үшін 30 мың тонна картоп және 6 мың тонна сәбіз егу жөнінде меморандум жасалды. Облыстың төрт ірі сауда желілері (Small, Greenwich, Инмарт, Лидер), өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Оның аясында желілер картоп пен сәбізді 115-тен 135 теңгеге дейінгі бағамен (115 - ҚҚС – сыз, 125-ҚҚС-пен, 135-ҚҚС-пен және жеткізу шығындарымен) сатады.

Сонымен қатар, қияр мен қызанақты белгіленген бағамен сату бойынша үш жылыжай кешенімен меморандум жасалды. Қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында «Small», «Greenwich», «Инмарт» дүкендерінде картоп пен сәбізді келісіне 125 теңгеден, қиярды 995 теңгеден, қызанақты 765 теңгеден сатып алуға болады. «Әлеуметтік» дүкендерде картоп пен сәбіз 115 теңгеден сатылады. Меморандумдар аясында облыстың төрт ірі сауда желісі (Small, Greenwich, Инмарт, Лидер) ӘМАТ-ты 15 пайыздан аспайтын үстеме бағамен, тұрақтандыру қорының өнімін 10% - дан аспайтын үстеме бағамен сатады.

7 сүт кәсіпорындарымен («Павлодармолоко» ЖШС, «Молком Павлодар» ЖШС, «Сүт» АҚ және т.б.) сүт өнімдерінің бағасын ұстап тұру туралы меморандум және 11 сүт-тауар фермалары жасалды. Сондай-ақ, өңірдің 91 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен астықтың тұрақтандыру қорын қалыптастыру бойынша меморандум жасалды, олар өз кезегінде үшінші сыныпты бидайды тоннасына 85 мың теңгеден аспайтын бағамен сатуға міндеттенеді, нанның бағасы бір бөлке үшін 95 теңгеден аспайды.

«Облыстың нан пісіру кәсіпорындарының бірінші сұрыпты бидай ұнына белгіленген бағамен қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша (119 тг/кг) 8 ұн тарту кәсіпорындарымен (»Аслан« ЖШС, «Группа Интер« ЖШС, «Аквамарин« ЖШС, «Ұлан« ФХ, «Агро Даму« ЖШС, «Жан-Дос« ЖШС, «Уразбаев« ШҚ, «Еркен«ШҚ) меморандум жасалды. Тауық етін (»Қызылжар Құс« ЖШС), тауық жұмыртқасын (»Шарбақты Құс« ЖШС), қарақұмық жармасын (»Grano PV« ЖШС) және күнбағыс майын (»Павлодар агрокешені« ЖШС) өндірушілерменде шығарылатын өнімді төмендетілген бағамен сату үшін меморандумдар жасалып отыр», - делінген министрлік ақпаратында.