Павлодар облысында түрмеде отырған сотталушы тағы қосымша мерзім алды

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Павлодар облысында түрмеде отырып, адамдарды алдау арқылы қылмыстық кәсібін жалғастырған сотталушы қосымша мерзім алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысында түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, өзінің ұялы телефонының шотын аңқау азаматтардың есебінен толтырып отырған Қырықбаев 7 жылға сотталды», деді бүгін Астанадағы брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігнің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, сотталушы өзін «Мобил » фирмасының директоры ретінде тыныстырып, азаматтарға пәтер ұтып алғандықтары туралы хабарлаған. Ал, алданған азаматтарға ұтысты ұялы байланысты қолма-қол төлеу карталарының нөмірлерін ұсынғасын барып алатындарына сендірген.