Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргітаңда аймақта техногенді апаттар, қалдықтар мен табиғи өрттер тіркелмеген.
«Ресей БАҚ мәліметтеріне сәйкес, тұман тәрізді түтінСолтүстік Сібірді де басқан. Шығыстансоққан жел түтінді Хакасия Республикасы, Алтай өлкесі, Кемер, Новосібір, Омбыжәне Томск облыстарына Краснояр өлкесінің Эвенкийск ауданынан таратуда. Олжақта табиғи өрт тіркелген», - дейді департаментте. Синоптиктердің болжамынша,желдің бағыты ауысқан жағдайда 2-3 күннің ішінде жағдай тұрақталады.