Павлодар облысында тұтынушылық бағалардың индексі маусымда 100,1 пайызды құрады
12:32, 06 Шілде 2012
ПАВЛОДАР. 6 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұтынушылық бағалардың индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) маусым айында 100,1 пайызды құрады,
деп хабарлады статистика департементінің баспасөз қызметінен.
Тағамдық емес тауарлардың бағалары 0,2 пайызға өсті. Бұл топта жеке күтім заттарының бағалары - 1.3 пайызға, балалар киімдері - 0,7 пайызға, үй тұрмысының заттары - 0,6 пайызға өсті.
Тағамдық тауарлардың бағалары орташа алғанда 0,1 пайызға өсті. Сәбіз, орамжапырақ, пияз бағалары 5,4 пайыздан 7 пайызға дейін өсті. Темекі бағасы 4,3 пайызға жоғарылады.
Қияр және қызанақ бағалары 19-дан астам пайызға арзандады.
Ақылы қызметтер бағаларының индексі мамыр айының деңгейінде қалды.