Павлодар облысында ҰБТ-ға ақша жинаған әкімдік шенеунігі қызметінен кетті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – ҰБТ езінде мектеп директорларынан ақша жинаған Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары алып отырған лауазымынан босатылып, академик Қ. И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайына директор болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша,Бұған дейін Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітова ҰБТ-ға дұрысжауаптарды алып өту мүмкіндігі және бақылауды азайту үшін ҚР БҒМ Ұлттықтестілеу орталығының өкілдеріне ақша жинап беру туралы аудандық мектептердің 20директорына тапсырма бергені үшін жазаланған. Тоқжігітова 3,4 млн теңге жинап беружөнінде БҒМ өкілдерімен келісімге келе алмаған. Нәтижесінде мектепдиректорларына ақшалары қайтарылған.

2018 жылғы 5маусымда аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚРҚК-ің 366-бабы 2-бөлігі (қомақты көлемде пара алу) бойынша тіркелді. Ал екі күнөткеннен кейін лауазымды тұлғалардың әрекеті ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-бөлігіне (лауазымдықөкілеттігін теріс пайдалану) ауыстырылды.

Ағымдағы жылдыңақпан айында Тоқжігітованың іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылықтың барекендігі дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұдан кейін бұліспен Әдеп жөніндегі кеңес айналысып, қорытындысында аудан әкімінің орынбасарына«қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы» тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Аудан әкімдігініңхабарлауынша, Бақыт Тоқжігітова аудан әкімінің орынбасары қызметіненбосатылған. Бүгінде ол академик Қ. И. Сәтбаевтың Баянауылмемориалдық мұражайының басшысы болып тағайындалды.

«Олөз еркімен жұмыстан босатылды. 24маусымнан бастап аудан әкімінің орынбасары болып Қанат Кәрімов тағайындалды.Оның соңғы жұмыс орны – «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММбасшысының орынбасары», - деп нақтылады аудан әкімдігінен.

Қанат Кәрімов 1964 жылы 26 тамызда Баянауыл ауылындадүниеге келген. Білімі – жоғары. 1986 жылы Абай атындағы Қазақұлттық педагогикалық университетін «Тарих, қоғамтану және кеңес құқығы»мамандығы бойынша бітірген.


Соңғы жаңалықтар