Павлодар облысында үш айда 9,3 мың адам жұмыссыз қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында үш айда 9,3 мың адам жұмыстан шығып қалды. Олардың басым бөлігі өз еркімен және еңбек тәртібін бұзуына байланысты қызметінен кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Статистикадепартаментінің мәліметіне сәйкес, биылғы II тоқсанда облыстың ірі және ортакәсіпорындары мен ұйымдарына 9,1 мың адам жұмысқа қабылданып, 9,3 мың адам түрлісебептермен қызметінен босаған. Олардың 90 пайызы өз еркімен және еңбектәртібін бұзғаны үшін, 1 пайызы персонал санының қысқартылуы мен кәсіпорынныңтаратылуына байланысты жұмыстан кеткен. Лауазымына немесе орындап отырған жұмысынасәйкес келмеуі, біліктілігінің жетіспеуі, сондай-ақ басқа себептермен - 9пайызды құрады.

Облыс бойынша жұмыскүшін алмастыру коэффициентi 98,2 пайызға жетті. Қабылдау бойынша айналымкоэффициенті 6,3 пайызды, жұмыстан босатылу бойынша айналым коэффициенті – 6,4пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7 пайызды құрады.