Павлодар облысында үш айда 9,5 мың адам жұмыстан кеткен

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында үш айда 9,5 мың адам жұмыстан кеткен. Олардың басым бөлігі атқарып жүрген қызметтерінен өз еріктерімен бас тартыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кейбірі еңбек тәртібін бұзған. Басқа өңірлергеқоныс аударған, зейнетке шығып кеткен адамдардың да орны бос қалып жатыр. Жалпыеңбек тұрақсыздығы көптеген салаларда байқалады. Өндіріс, әлеуметтік мекемелер,мемлекеттік қызметшілер, тіпті лауазымды қызмет басшылары да орындарынбосатқан.

Кадр тапшылығы әсіресе аудандарда өткір тұрған мәселе.Облыс орталығына жақын орналасқан Успен және Шарбақты аудандарыныңәкімшілігінде штаттық орындардың 23 проценті бос. Ал Павлодар қаласы әкімініңаппаратында 47 орын бар. Оның 12-сі басшылық қызметтер.

«Бүгінгі таңда Павлодар облысында мемлекеттік қызметте550-ден астам бос орын бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда 320 бослауазым және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде 239 босорын бар. Сонымен қатар бос орындардың 16 пайызын басшы қызметкерлер құрайды», -Мемлекеттік қызмет істері агеттігінің облыс бойынша департаментінің басқармабасшысы Сәния Хасенова.