Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Любовь Ходырева мәлімдеді.
«Ақсу қаласының 28 жастағы тұрғыны екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Қыздың салмағы - 1,6 келі, ал ұлдар үлкенірек - 2,2 және 2,4 келі. Бұл - ақсулық келіншектің үшінші рет жеңілденуі. Үшем кесарь тілігі арқылы алынған» дейді орталықтың бас дәрігері.
Айта кетерлігі, бұл - Павлодар облысындағы биылғы алғашқы үшем.