«Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты 1-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Колледж студенттері үшін – 24 қаңтарға дейін», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Білім басқармасынан.
Мектепке дейінгі мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар) 10 қаңтар күні жұмыстарына кіріседі.
«Білім беру мекемелерінің қызметкерлері Төтенше жағдай режимі кезеңінде қашықтан жұмыс форматына көшірілді. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін ата-аналар мен олардың заңды тұлғалары жауапты», - деді басқармадан.