Павлодар облысында ыстан уланған 58 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында пештен шыққан ащы түтінге уланған әйел ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, оқиға Ертіс ауданының Қарақұдық ауылында болған.

«Қатты отын жағатын пешті дұрыс пайдаланбағаннан үй иесі 1964 жылғы әйел адам газдан уланып қалған. Үй иесі ауруханаға жатқызылды» делінген департамент хабарламасында.

Айта кетейік, кеше облыстық төтенше жағдайлар департаменті 5 мәрте шақыруға шыққан.

Өңірде 1 өрт, 4 тұтану жағдайы тіркелген.