«Заңсыз тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Железин полиция бөлім учаскелік инспекторлары Лесное-Кузьмино автожолында Разделное ауылының маңында патрульдеу кезінде Железин ауданы тұрғыны тізгіндеген «ВАЗ 2113» маркалы автокөлігін тоқтатып, ұстаған. Оның жүк салғыш бөлігін тексеру кезінде бұланның мүйізі, басы және еті табылған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары «ИЖ-13» және «ИЖ-27 Е» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтықтар мен оқтар тәркілеген.
«Ал ауыл тұрғынының жануардың осы түрін аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.
Сараптама тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.