Павлодар облысында жаңа құрмет белгілері бекітілді
Өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарланғандай, «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, өсіп келе жатқан буынның патриоттық тәрбиесіне және ұлтаралық келісімді нығайтуға қомақты үлес қосқан, облыс тұрғындары мен оның аумағынан тысқары тұратын қазақстандықтар марапатталатын болады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбынды еңбегі үшін» құрмет белгісі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, бизнес, мәдениет және ғылым салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарына беріледі.
«Еңбек әулеті» құрмет белгісі жалпы еңбек өтілі кем дегенде 50 жылды құрайтын әулеттер үшін белгіленді.
Облыс тұрғындары мен кәсіпорындардың жетістіктері «Павлодар облысының Алтын құрмет кітабы» алтын құрмет кітабында және «Еңбек даңқы аллеясында» көрініс табатын болады.