«Рубиком» ЖШС 16 мың шошқаға арналған шошқа кешенінің бірінші кезеңін іске қосса, Павлодар ауданындағы «Жаңа қала» шаруа қожалығы 340 сиырға арналған сүт фермасын, ал Качир ауданының «Green hause Павлодар» ЖШС диірмен кешені жұмысын бастады.
1 қарашаға қарай 4000 мың басқа арналған жемдеу алаңдары (Шарбақты ауданының «Абай» ЖШС - 3000 бас, Баянауыл ауданындағы «МТС Жайма» - 1000 бас) қатарға қосылатын болады.
Шағын бизнестің 3 өңдеу нысаны да (ұн өндіру цехы - Павлодар қаласы «Ұлан» ФШ, 2 наубайхана - Насонов ЖК Ақсу қаласы, Сыздықова ЖК Качир ауданы) жұмыс істей бастады.
«Етті ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 762 бас сатып алынса, жыл соңына дейін асыл тұқымды 735 қара мал басын алу жоспарда бар.