Павлодар облысында жаңа оқу жылында төрт мектеп ашылады
Олардың қатарында құрылысы шу тудырған 1200 орындық нысан бар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова агенттіктің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Жаңа оқу жылының басында республикалық бюджеттің есебінен Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында 600 орындық және Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман ауылында 1200 орындық мектеп бой көтереді.
«Жыл соңына дейін облыс орталығында 1200 орынға шақталған мектеп пайдалануғы беріледі. Сонымен қатар, Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында орналасқан апатты мектеп ғимаратын басқа жерге кшу мақсатында 100 орындық әлеуметтік нысан салынуда», - дейді Б. Бексейітова. Жалпы, жаңа оқу жылына өңірдегі 405 мектептің 367-сі сақадай сай. Биылғы жазда 56 мектепте күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 18-де жұмыстар аяқталды. Қалған білім беру ошақтарындағы жөндеу шаралары 1 қыркүйекке дейін тәмамдалады деп күтілуде.